Осы және өзге де сұрақтарға травматолог маман Мақсат Биманов жауап береді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
— Қыс мезгілінде адамдар қандай жарақат бойынша көмек сұрап жатады?
— Қыс мезгілінде көбінесе механикалық жарақат, яғни құлаған кездегі жарақат. Сондай-ақ, үсу кезінде пайда болатын жарақаттар бойынша да көмек сұрап жатады. Құлау кезінде адамдар көбінесе аяқ-қолдарын зақымдап алып жатады. Мұның себебі — қыс мезгілінде жердің тайғақ болуынан. Кез келген адам құлаған кезде адамдарда рефлекс деген механизм бар. Құлаған кезде жерге қолын тіреп, алақанымен құлап жатады. Соның нәтижесінде қол аймағының, анатомиялық құрылымдарының зақымданулары жиі кездесіп жатады. Яғни, сол аймақтың сүйегі, сіңірі зақымдалуы мүмкін. Жердің тайғақ болуына байланысты аяқ буыны, тізе буыны, тобық аймағындағы буын соны қайырып алу нәтижесінен аяқтың зақымдануларына да жиі кездесіп жатады. Қыстық күні үсіктің пайда болуынан да болып жатады. Қоршаған ортадағы температураның төмендеуіне байланысты, егер адамдар ұзақ уақыт сыртта жүріп қалатын болса адамның денесін үсік шалуы мүмкін. Содан үсік пайда болуы мүмкін.
— Қарт адамдардың жарақат алуға бейім екені рас па?
Кез келген жастағы адамның жарақат алудағы деңгейі шамалас болып келеді. Дегенменде қарт адамдар жарақат алған кезде олардың сүйектерінің сынуы, сүйектерінің зақымдалуы жоғары деңгейде болып келеді. Жас ерекшелігіне байланысты үлкен кісілерде сүйектерінде минералды заттар аз болып келеді, кальций деңгейінің төмен болуы. Сүйек аймағындағы қан айналымдарының нашарлауы. Үлкен кісілерде қосымша ауру болады. Соның барлығы сүйек құрамының әлсіз болуына, сынғыштығына жоғары деңгейде әсер етеді. Соның нәтижесінде кішігірім жарақат алса да үлкен кісілер басқа жастағыларға қарағанда сүйектері жиі сынуға бейім болып келеді.
— Құлаған және қатты ауырғанын сезінген адам бірінші кезекте не істеу керек?
Біріншіден, егер жер тайғақ болса мүмкіндігінше асықпай жүрген дұрыс болады. Себебі, адам тайғақ кезінде асығатын болса ол тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалуы мүмкін. Екіншіден, дұрыс аяқ киім таңдау керек. Аяқ киімнің табаны тегіс болмау керек, қыртысты болу қажет, аяқты қатты қысып тұрмауы керек. Егер аудандарда тұратын болса есігінің алдына мұзды ерітетін заттарды сеуіп қойса дұрысырақ болады. Егерде адамдар құлап бара жатқан жағдайда дұрыс құлағаны жөн болады. Ең бастысы, басты қорғау қажет. Себебі, бас сүйегінің ішінде орталы жүйке жүйесі ми орналасқан. Миды барынша қорғаған дұрыс болады. Және салқын күндері үсіктен де қорғану керек. Мүмкіндігінше сыртта ұзақ жүрмеу керек. Болмаған жағдай, қалың киім киіп алу қажет, жылуды сыртқа шығармайтындай ету керек. Үстіндегі, қолындағы киімі ылғалды болмауы тиіс. Қалың қолғап, бас киім, осындай керекті киімдерді киіп шығатын болса жарақаттан қорғауға көмектеседі.
— Қазір қыс мезгілі болғаннан кейін көктайғақ болып жатады. Ондай кезде адамдарға қандай кеңес бере аласыз?
Ең бірінші, далада және қыстың күні құлайтын болса, онда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Жарақат туралы ақпарат беру керек. Екіншіден, ол адам өздігінен жүре алмайтын болса аяғы жарақаттанса онда жақын маңдағы адамдардан көмек сұрап, жақын жерге барған жөн. Яғни, жылы жерге барғаны дұрыс. Үшіншіден, зақымданған аймағын барынша қозғаманы дұрыс болады. Төртіншіден, егер қалтасында ауырсынуды басатын дәрі болатын болса, жедел жәрдем келгенше ол дәріге аллергиясы болмаса соны ішіп алғаны дұрыс. Жедел жәрдем келгеннен кейін міндетті түрде ауруханаға барып, тексерістен өту қажет. Кейбір адамдар өкінішке орай медицина мамандарына жүгінбей сынықшы, костоправтарға барып жатады. Дипломы жоқ халық арасында осындай атаумен белгілі адамдарға жүгініп жатады. Негізі кез келген жарақатты ертерек емдейтін болса, онда ол көп асқынулардың алдын алады. Кейбір жарақаттар дұрыс емделмеуінің нәтижесінен созылмалы ауырсынуларға ұласып кетуі мүмкін. Негізінен, жарақат алған адам дер кезінде ауруханаға, тірек қимыл жүйесін толықтай зерттейтін травматолог, ортопед дәрігер маманына неғұрлым тезірек жүгінген жөн.
— Сұхбатыңызға рақмет!