Жарияланды: 30

Көктайғақ кесірінен ШҚО-да шағын автобус жол апатына түсті

Көктайғақ кесірінен ШҚО-да шағын автобус жол апатына түсті Сурет - Sn.kz

"Шемонайха – Усть-Таловка" тасжолында көктайғақ салдарынан шағын автобус жол апатына түсті. Жолаушылардың бесеуі дәрігер қарауына жүгінген, деп хабарлайды Полиция департаменті.

«Мерседес» маркалы автобустың жүргізушісі көктайғақта жылдамдықты асырып жіберген. Көлік жол шетіне шығып, аударылып қалған. Көліктегі 12 жолаушының бесеуі дәрігер қарауына жүгінген. Абырой болғанда, дәрігерлер олардың жарақаттары жеңіл екенін айтады.

"Бұл оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды" делінген Полиция департаментінің ақпаратында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін