Жарияланды: 420

Көлемі $100 млн қазақстандық-қырғызстандық инвестқорын құру туралы келісімге қол қойылды

Бішкекте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов пен Қырғызстанның экономикалық реттеу министрі Учқынбек Ташбаев жұма күні көлемі $100 млнқазақстандық-қырғызстандық инвестқорын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚырТАГ.

«Қордың көлемі бастапқыда $100 млнболады. Бұл қор қырғыз экономикасына инвестициялармен айналысып, бизнестің жеке меншік секторын қолдап, республиканың өнеркәсіптік базасын құруға қызмет етеді», - дедіА. Кәрібжанов. У. Ташбаевтың айтуынша,қор «Самұрық-Қазына» корпорациясында іс жүргізу мен барлық бизнес-процестерді жүргізудің стандарты ретінде орныққан жаңа қағидалармен жұмыс істейді. «Біз қазақстандық әріптестерімізбен бүкіл ел үшін топ-менеджерлерді дайындау бағытында жұмыс істеу туралы келістік. Қырғызстан Қазақстанға мамандарын оқуға жіберіп, көршінің тәжірибесін зерттеп, бізде пайда болатын даму институттарының жұмысын жолға қояды», деді У. Ташбаев. Бұл келісімдер әзірге хаттамаларға енгізілген жоқ, бірақ министрдің айтуынша, Қазақстан жағы қырғызстандық бизнес басқарушыларды оқытуға дайын екенін білдірді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2008 жылдың 13 қазанында ҚР президентінің жарлығымен «Қазына» орнықты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингті біріктіру арқылы құрылды. ҰӘҚ - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру үшін, оған меншік құқығымен тиесілі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, басқа да заңды тұлғалардың акцияларын басқару, олардың әлемдік нарықта ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру үшін құрылған ұлттық холдинг.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін