Жарияланды: 570

Көлік апатына ұшыраған Алматы жол полицейінің жағдайы ауыр

Алматыда өткен сәрсенбі күні Фурманов және Абай көшелерінің қиылысындағы жол-көлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген қалалық жол полициясы басқармасының батальон командирінің орынбасары Әнуар Байтұрсыновтиың жағдайы өте ауыр.

«Оның жағдайы ауыр. Ессіз жатыр, комада. Оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді», - деп хабарлады орталық қалалық аурухананың бар дәрігерінің орынбасары Тастанбекова дүйсенбі күні агенттікке. Сәтті өткен нейрохирургиялық операцияға қарамастан, дәрігерлер самай сүйегіне соққы тиіп, бас сүйегінің негізі сынып, ми жарақатын алған офицердің өмірі үшін алаңдап отыр. Л.Тастанбекованың айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан жол сақшысына туған-туыстары, әріптестері келіп тұрады. Өз кезегінде қалалық полицияның хабарлауынша, №35 қалалық автобус бағытының автобус жүргізушісі 23 жастағы А.Қалилаев қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК 296 бабының 2 бөлімі бойынша (адамның өліміне әкелген көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жолда жүру және көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, Алматы ЖПБ қызметтік көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты 1 маусымда сағат 10:42-де Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, HundaiAero автобусы Абай даңғылыменбатыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, реттеушінің тыйым салушы белгілеріне қарамастан, жол қиылысынан өтіп кетуге тырысып, солтүстік бағытта келе жатқан Volkswagen Passat қызметтік көлігіне соғылған. Бақылау бейнекамералары ЖКА-ға №35 бағыттағы автобустың жүргізушісі кінәлі болғанын тіркеген. Соққыдан полиция көлігі Фурманов көшесінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, оңтүстік бағытта келе жатқан Toyuota Carina және №1 таксомотор паркінің №127 бағытындағы HundaiAero автобусын соққан. Жол полициясындағы офицерлердің бірі агенттік тілшісімен әңгіме барысында ЖКА-дан келген материалдық шығынның өзі $3-4 мыңды құрауы мүмкін екенін айтқан. Сараптаманың қорытындысы қазір тергеуге алынған жүргізушінің ЖКА жасау кезінде ішімдік ішпегенін көрсеткен. Болған оқиғаға байланысты Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы жүргізушісі қаланың орталығында ірі жол-көлік апатына себепкер болған «Экспресс транс» компаниясымен №35 автобус бағытына қызмет көрсету бойынша келісімшартты бұзды. Бұған қоса, «Экспресс транс» ЖШС-імен жолаушыларға қызмет көрсету бойынша автобус бағыттарына жасалған келісімшарттарды бұзып, бағыттарды ҚР автокөлік көлігі туралы заңына сәйкес басқа тасымалдаушыларға беру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін