Көлік мінуден күдер үзіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік мінуден күдер үзіле бастады

Көлік мінуден күдер үзіле бастады

Көлік мінуден күдер үзіле бастады. Алматыда шетелдік көлікке тапсырыс берген 5 мың адам бүгін тағы наразылық білдірді. Өткен жұмада тиісті темір тұлпарларына қол жеткізе алмай жүргендердің жанайқайы туралы айтқанбыз. 

  • 7 Маусым 2011
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұған қатысты көлік иелері тасымалдаушы компаниялар кінәлі деген-ді. Олардың бірі алған көлік ертең келеді деп, жарты жылдан бері құрғақ уәдеге тойдырса, екіншісі банкрот болып, көлік тиелген контейнерлер жарты жолда қалған. Бұл жағдайды тізбектеп көлік иелері 1 ай бұрын тиісті мекемелерге арыз жолдапты. Бірақ бірнеше мәрте өтініш білдірсе де,не Кеден комитеті, не Сыртқы істер министрлігі жауап бермепті. Олар енді 1 шілдеге дейін көліктері елге жеткізілмейді деп қауіптеніп отыр. Себебі:аталған күннен бастап көлікті рәсімдеу құны бірнеше есеге өседі. Ал Кеден комитетіндегілер жеңілдетілген кедендік рәсімдеу мерзімінің ұзартылмайтынын айтады.


Батырхан Нұрғалиев
, көлік иесі:

 Заңдағы жалғыз мүмкіндік — алдын ала рәсімдеу.  Өйткені Кеден Одағы кедендік рәсімдеуді ұзартпайды, сондықтан біз тек алдын ала рәсімдеуге үттеніп отырмыз.

Соңғы жаңалықтар