Көлік қағып өлтірген 4 айлық сәбидің туыстары соттың әділ өтуін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік қағып өлтірген 4 айлық сәбидің туыстары соттың әділ өтуін талап етуде

Көлік қағып өлтірген 4 айлық сәбидің туыстары соттың әділ өтуін талап етуде

Алматыда көлік қағып өлтірген 4 айлық сәбидің туыстары істің әділетті өтуін талап етуде. Бүгін мас күйінде машина жүргізген қос әйелге қатысты кезекті сот отырысы өтті. Онда осы күнге дейін сотқа келмей жүрген куәгерлердің бірінен жауап алынды.

  • 26 Тамыз 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

— Вот, вот девушка была за рулем.

— На кого показывает встаньте!

— Как ваша фамилия?

— Есенбаева.

Сотта алғаш рет төбе көрсеткен куәгер бүгін тізгінде көлік иесі Айгүл Есенбаева болды деп отыр. Ал,сотқа дейінгі жазбаша түсініктемеде ол Зайра Серікбаеваның рөлде болғанын айтқан. Жалпы, куәгерлердің сөзі әр отырыс сайын өзгеруде. Оқиғаны анық көрген тағы 3 адам сотқа мүлдем келмей жүр. Ал шетінеген 4 айлық сәбидің жақындары ешқандай әділеттілік жоқ деп ашулы. Айтуларынша, тергеушілер өз жұмыстарына салғырт қарап, куәгерлер шындықты жасырып отыр екен. Зардап шегуші тарап тек қос әйелге сот тиісті жаза кессе дейді.

Әминам Өзденова, шетінеген сәбидің туысы:

— Куәгерлер алғашқыда басқаша сөйлесе, қазір мүлдем басқа нәрсе айтады. Ешбірі шындықты айтпайды. Тергеушілер де жұмыстарын дұрыс атқармай отыр. Ешқандай әділеттілік жоқ. Кім ойына не келсе, соны айтады. Маған олардан ештеңе керек емес, тек жазадан құтылып кетпесе екен.