Кездесуге сондай-ақ ведомствоның құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен АҚШ елшілігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында екі елдің көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастығының жетістіктері атап көрсетілді. Р.Хоугланд екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың даму көрсеткішін қанағаттанарлықпен атап өтіп, Қазақстан Республикасының әуе дәліздері мен теміржол құрылысы, сондай-ақ заманауи технологиялар енгізу үшін барлық қажетті факторға ие екенін айтты.
Қазақстанның стратегиялық орналасу жағдайына да тоқталып өткен елші, гуманитарлық көмек пен коммерциялық тауарлар жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау жолымен Ауғанстанның тұрақтылығын күшейту — аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды мәселе екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, мемлекеттік ұшақтардан алынатын алымдар туралы екіжақты келісімді еске алып, жақын арада осы мәселе бойынша келіссөзді жандандырмақ ниетін білдірді.
Проблемаларды талқылауға әзірлігін айтқан С.Ахметов, гуманитарлық және басқа да жүктерді алып ұшуға рұқсат беру ең маңызды мәселе екенін атап көрсетті. Министр сондай-ақ мемлекеттік ұшақтардан алымдар алу туралы келісімнің қазір ҚР Сыртқы істер министрлігінің қарауында екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті