Жарияланды: 50

Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық. Топырлаған құжаттарды алып жүру міндетті емес

Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық. Топырлаған құжаттарды алып жүру міндетті емес

Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында айтты.

Автокөлік жүргізушісіне барлық құжатты өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ деген норманы енгізуді жоспарлап отырмыз. Жеке куәлік болса жеткілікті. Өйткені соның көмегімен біз планшет арқылы оның қандай көлігі барын, сақтандыру полисі қашан аяқталатынын, техникалық бақылаудан қашан өткенін, айыппұлы бар-жоғын тексере аламыз. Тұрғындарға құжат толған әмиян ұстап жүрудің не керегі бар - бір жеке куәлік жеткілікті, - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, бұл тек Қазақстан аймағында ғана жарамды. Басқа мемлекеттің аумағына кірген кезде барлық жеке құжат болуы керек.

Ведомство басшысы автомобильдердің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде сату керектігін айтты.

Ел ішінде біршама заңнамалық бастамалар легін, оның ішінде ішкі сауда ережелері турасында ережелерді енгіздік. Өткен жылдың маусым айында тиісті норма енгізіп, оған сәйкес автокөлік саймандары тек арнайы дүкендерде сатылуы керектігін бекіттік. Қазіргі таңда бұл арнайы дүкендердегі бақылау күшейтілді. Ломбард қызметіндегі сияқты, қосалқы бөлшекті автомобиль базарына өткізбес бұрын, қожайыны осы қосалқы бөлшек алынған көліктің техникалық паспортын және өзінің жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Яғни көлік сайманы базарының өзінде қай сайман қай көліктен алынғанын біліп отырамыз, - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін