Көліктегі полиция подполковниктері пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктегі полиция подполковниктері пара алғаны үшін ұсталды

Көліктегі полиция подполковниктері пара алғаны үшін ұсталды

Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюро хабарлайды.

  • 30 Қыркүйек 2016
  • 396
Фото - Caravan.kz


Алматы облысы департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ ІІД Достық ст. көліктегі полиция желілік бөлімінің басшысы подполковник Т.Құйқабаев пен подполковник Д.Мәдібаевты ұстады.

Бұл лауазымды тұлғалар Достық стансасы аумағында қызметін атқарған логистикалық фирмаларды «қанатының астына алу» жөнінен қылмыстық жүйені ұйымдастырған. Олар тауарларды кедергісіз тиеп, өткізу үшін келесі бір фирмадан 100 мың теңге пара алу үстінде құрықталды. Қазір Т.Құйқабаев пен Д.Мәдібаев Сарқан ауданының  уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар