Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарлама қабылдау - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарлама қабылдау

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарлама қабылдау

Қазақстанда көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарламаны қабылдау орындылығы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының (БП) баспасөз қызметі.

  • 1 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Көлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізуді реформалау келешегі талқыланды. Сондай-ақ, осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қызмет тиімділігін арттыру жолдары, сонымен қатар, халықаралық талаптарға сай көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын қабылдаудың орындылығы сөз болды», — делінген БП баспасөз қызметінің бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалық етуімен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысынан кейін таратқан ақпаратында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қадағалау тексеру шаралары барысында «үстіміздегі жылы жүзден астам локомотивтерді, 1700 жолаушы және жүк вагондарын, 130 дана арнайы қозғалыс құрамдарын пайдалану тоқтатылды».

Соңғы жаңалықтар