Көліктің атауы LADA Granta Абай деп аталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктің атауы LADA Granta Абай деп аталады

Көліктің атауы LADA Granta Абай деп аталады

Зауыт LADA Granta-ның 500 данасын «Абай175» сериясымен шығармақ.

  • 24 Ақпан 2020
  • 143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы ірі автоқұрастыру зауыттарының бірі – «Азия Авто» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында арнайы сериямен көліктер шығарып жатыр. «AltayNews» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, LADA Granta маркалы автомобильдерінде «Abay175» деген жазу болады. Салонында Абайдың қара сөздерінің кітабы бар.

Мерейтойлық коллекция LADA Granta-ның Classic, яғни базалық жабдықталу үлгісіндегі 500 автокөлігінен тұрады. Кәсіпорынның өзінде «халықтық көлік» деп аталатын бұл модельдің бағасы – 2 млн 820 мың теңге.


 «Abay175» коллекциясы ақпан айының аяғында сатылымға шығады.

«Азия Авто» АҚ басшысының мәліметінше, 2019 жылы LADA Granta жергілікті зауыттар құрастырған көліктер ішінде ең танымалы болып, 5000-ы сатылған.

Соңғы жаңалықтар