Жарияланды: 490

Көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар ашық - ҚР ТЖМ

Көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар ашық - ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ-нің мәліметтерінше, Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (көктайғақ) байланысты 15 қараша күні сағат 19:15-тен бастап 16 қараша сағат 06:20 дейін «Қарағанды-Павлодар» көлік жолындағы көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (нашар көрінушілік) орай 15 қарашада сағат 18:00-ден Астана-Ерейментау-Шідерті (205-259 шақырым), Шідерті-Қарағанды (1135-1205 шақырым) бағыттары бойынша жолаушылар және жүк көліктері үшін қозғалыс жабылды. 16 қарашада сағат 06:00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар ашық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін