Жарияланды: 580

Колумбияда болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқаны расталды

Колумбияда болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқаны расталды

Медельин қаласының полицейлері Колумбияда бразилиялық футболшылармен болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Медельин қалалық полициясының басшысы Хосе Асеведо әуе апатынан ... 75 адамның қаза тапқанын растайды", - делінген әуежайдың Twitter желісіндегі парақшасында. Осыған дейін ұшақ бортында болған 81 жолаушының кем дегенде алтауының аман қалғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ал кейінірек ұшақ апаты орнынан тірі қалғандар табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Боливиядан ұшқан борт командирі Медельин диспетчерлеріне жанармайдың жетпейтіндігін хабарлаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін