БАҚ өкілі бұдан былай елде бәрі жақсы деп жүре алмайтынын, тек ащы да болса шындықты айтатынын жеткізді, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.
Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында мәлім етті.
«Жаздай жаман пост жазбауға тырыстым. Бәрі жақсы деп өзімді сендірдім. Әттең, ел аларап, жер көрсең жер боласың. Қалтасында миллионы бар, қарапайым адамдарды көрмейтіндер әлемді әдемі санайтын шығар. Бірақ мен ендігіде “фиолетовый очки” кие алмайды екем. Бізде Колумбияның түрмелеріндей ауруханалар бар. Түзеу мекемелері күзеу мекемелеріне айналған. Полиция көрсе азаматтар автоматты түрде таныстарына звондайды. Бес-алты жастағы қыздарымызды зорлаған хайуандарды соттар есі ауысқан деп босата салады. Сөз бостандығын өз бостандығы деп білетін шенеуніктерден не қайыр?! Осының бәрін іштен өзгертем дегендердің өздері өзгеріп кетіп жатыр. Бір адамның қолынан ештеңе келмейді. Бәріміз өзгеріп, күресейік», — деп жазды ол.