Жарияланды: 7600

Командирлердің құмарын қандыру үшін жіберген жоқ" - Айгүл Орынбек сарбазды "қыз ретінде" пайдаланбақ болғандар жайлы сұмдықты жеткізді

 Командирлердің құмарын қандыру үшін жіберген жоқ" - Айгүл Орынбек сарбазды "қыз ретінде" пайдаланбақ болғандар жайлы сұмдықты жеткізді

Желіде әскердегі сұмдық жағдайды айтып ашынған ананың видеосы тарады. Онда командирлердің әскер борышын өтеуге барғандарды қорлайтыны айтылған. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің фейсбук желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ана баласын командирлердің құмарын қандыру үшін емес , Отанды қорғау үшін әскерге жібереді!

“Қызым боласың,к*ттеріңді айырам т.б” ауыр сөздер бұл психологиялық қысым болып табылады!
Яғни қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланып өз қол астындағыларға моралді түрде қысым жасаудың өзі қылмыс!
Адам құқығы қорғалатын елде, сарбаздар аналарына табытпен қайтпау керек!
Бейбіт заманда аналар табыт құшақтап, әділдік іздеп жүрген болса яғни бұл салаға үлкен реформа керек деген сөз!
Әскердегі былықтарды көтерген қоғам белсенділерін қудалағанша, сарбаздар неге табытпен қайтып жатыр деп дабыл қағу керек!
Бұл салада халықтың тілін білмейтін министр отырғанда, аналардың табыт құшақтап жылағаны жылаған!
“Ұнамаса көшіп кет” деп жүрген министр әскери салаға реформа жасай алады деп ойламаймын!", деп жазды Айгүл Орынбек. 

Еске салсақ, Қадыр Рыскелді есімді азаматтың анасы Айгүл Орынбектен көмек сұраған. 

- Қысым жасап отырған Туртанов деген кісі балама қысым жасаған. Жаттығуды сәл дұрыс жасамай қойсам, мен сендерді қыз қылып пайдаланамын. Сендер менің қыздарым боласыңдар. "Жүріңдер қыздар" деп құшақтап қысым қылады екен. К*теріңді айырам, ауырды демеңдер". балам бірақ маған оны айтқан жоқ. Ең соңғы псих больницаға барып жатайын деп жатқанда, мен айтайыншы, ақыры псих больницаға жатқызайын деп жатыр ғойғ кетіп бара жатырмын", деп ең соңында айтты дейді ашынған ана. 

 

Ана баласын командирлердің құмарын қандыру үшін емес , Отанды қорғау үшін әскерге жібереді! “Қызым боласың,к@ттеріңді...

Posted by Aigul Orynbek on Tuesday, May 10, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін