Жарияланды: 20

Көмірдің қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер етеді

Көмірдің қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер етеді

Тауар биржасында көмірдің бір тоннасына делдалдар қоятын үстемақы 90%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов мәлімдеді. 

Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір бағасы әзірлеу шарттарына байланысты тоннасына 3 мың теңгеден 7 мың теңге шегінде тұрады. Баға кесінді тиеу бағасы, жылжымалы құрамды тасымалдау, қызмет көрсетуге арналған темір жол тарифтері, көмірдің биржалық құны, халыққа көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады, - деді Байытов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, көмірді алғашқы жеткізу кезінде тауар биржасында көмірдің 1 тоннасына делдалдардың үстеме бағасы 90 пайызды құрайды. Комитет төрағасының сөзінше, көмір бағасының қымбаттауына жол бойындағы алыпсатарлар әсер етеді. 

Жергілікті атқарушы органдар берген мәліметке сүйенсек, көмірдің барлық түрі бойынша баға белгіленген. Орташа баға жеткізуді қоспағанда 12 мың теңгені құрайды. Елордаға 141 вагон немесе 9770 тонна көмір жеткізілді. "Шұбаркөл" көмірінің орташа бағасы – 12 050 теңге, "Қаражыра" – 12 700 теңге, "Майкүбе" – 13 мың теңге, "Богатырь көмір" – 9 500 теңге.

Қанат Байытов 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірдің қажетті мөлшерімен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін