"Коммуналды пәтерде тұрамыз": Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Коммуналды пәтерде тұрамыз": Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты

"Коммуналды пәтерде тұрамыз": Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты

Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты.

  • 9 Қыркүйек 2019
  • 116
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

82 жасқа келіп, төсек жаңғыртқан өнер иесі Нұрғали Нүсіпжановтың бұл шешіміне әркім әртүрлі пікір айтты. Бірі әншіні сынның астына алып, бұл қылығын ұят деп бағаласа, енді бірі қолдау көрсеткен. Дегенмен, қатты сынға іліккен Нұрғали Нүсіпжановтың жас келіншегі болды. Жұрт оны есеппен үйленді деп ойлап қалған.

Дегенмен, өнер иесі біраз жыл бұрын "Астана" арнасына берген сұхбатында пәтерде тұратынын айтқан болатын. 

"Жәй үй салып, кеңірек тұру керек еді. Кемшілігім сол, мойныма алдым. Иә коммуналды пәтерде тұрамыз", — дейді Нұрғали Нүсіпжанов.

Нұрғали Нүсіпжанов үлкен үй салу мәселесі мойнында екенін де айтқан. Бұл туралы үйдегі жеңгелерің де жиі айтып отырады деп түсіндірген болатын өнер иесі. Осы уақытқа дейін ешкімнен көмек сұрап көрмегенін де айтып қалды әнші. 


"Анда-санда сөздің тіркесі келген кезде жеңгең талай көмек сұрап, көкелерден алу керек еді ғой деп айтып қалады. Жарқырап көрініп жатса екен деген ой болмайды", — дейді Нұрғали Нүсіпжанов. 

Соңғы жаңалықтар