Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі коммуналдық қызметтер үшін 15 000 теңге төлеу тәртібін түсіндірді.

  • 20 Сәуiр 2020
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, коммуналдық қызметтер үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылдау жұмысы әкімдіктер арнайы жүйені іске қосқаннан кейін ғана басталады. 

"Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді. Бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнайы жүйені дайындағаннан кейін ол жайында жергілікті халықты хабарландырады", — делінген ресми хабарламада. 

Министрлік арнайы жүйе барынша қысқа уақыт ішінде әзірленетінін жеткізді. Коммуналдық қызметтер сәуір және мамыр айлары үшін төленеді. Сондықтан өтінім беруге асықпауға  болады.  Оған қоса, барлық өтініш мамыр айымен қоса қабылданады.

"Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотын туралы ақпарат ұсыну қажет", — дейді министрлік мамандары.

15 мың теңгені кімдер алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіткен болатын. Осығай орай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ әкімдіктердің ұсыныстары негізінде келесі санаттағы адамдардың коммуналдық қызметтеріне төлем жүргізіледі: 

  • 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 
  • мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; 
  • көпбалалы отбасылар;
  • ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер. 

15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың есепшотына (абоненттік шотқа) жіберілетін болады. 

Көмек коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өз атынан шарт жасасқан және карантин енгізілген елді мекенде тұратын көрсетілген санаттардағы адамдарға көрсетілетін болады. 

Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар, көпбалалы отбасылар және қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келсек, олардың отбасының бір мүшесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған болуы тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар