Коммуналдық қызметтердің тарифі өседі - Үкімет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммуналдық қызметтердің тарифі өседі - Үкімет

Коммуналдық қызметтердің тарифі өседі - Үкімет

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай біртіндеп өседі.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатына көшу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асады, -делінген хабарламада. 

Сонымен қатар барлық тұтынушы үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленеді.


Соңғы жаңалықтар