Компьютердің көмегімен қажылардың өлімі азайтылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Компьютердің көмегімен қажылардың өлімі азайтылмақ

Компьютердің көмегімен қажылардың өлімі азайтылмақ

Қажылық маусымы кезінде жыл сайын жүздеген адам табан астында тапталып, жан тапсырып жатады.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 202
Фото - Caravan.kz

Осы кемшілікті болдырмау үшін ендігі жерде арнайы әзірленген компьютер жүйесі қажылардың тығыз шоғырланған жерін қадағалайтын болады. Бағдарлама адам көп жиналған жерді олардың денесінен бөлінген жылу арқылы автоматты түрде анықтап, қатерлі сәттің бетін қайтару үшін бірден дабыл қағады.


Бұл жаңалықтың авторы — Меккеден шыққан ғалым мен оның Ұлыбританияның Ноттингем-Трент университетіндегі әріптестері.

Уақыт өте келе аталмыш жүйе автоматты түрде өте қауіпті орындарды өзі анықтап, көшіріп алатын болады, деп жазады muslim.kz.