Компьютерлік ойындар шешім шығаруға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Компьютерлік ойындар шешім шығаруға көмектеседі

Компьютерлік ойындар шешім шығаруға көмектеседі

Компьютерлік ойындар адамдарға көптеген жағдайларға шешім табуға көмектеседі. Бұл туралы First Monday ғылыми журналында америкалық зерттеушілер жариялаған, деп жазады Gazeta.ru.

  • 15 Шiлде 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz

Олардың сөзіне қарағанда,  компьютер ойындары тұрмыстық жағдайда ғана емес, сонымен бірге климаттың өзгеруі және жаһандық қаржы дағдарысы кезінде де шешім қабылдауға септеседі.

Ғалымдар зерттеу жүргізу барысында осындай шешімге келді.   Зерттеуге EVE Online және DayZ ойындарын ойнайтындар қатыстырылды.

Ғалымдар ойыншылардың ұйымдасып қана емес, сондай-ақ команданың болашақтағы пайдасы үшін шағын қажеттіліктерінен бас тарта алатынын аңғарды.  Ойын барысында олар түрлі күтпеген шешімдер қабылдайды. Кейбіреулері ойын жасаушылардың да ойына келмегендер.   

Осыған байланысты ғалымдар ойын ойнайтын адамдар күрделі мәселелердің шешімін табуға қауқарлы деген пікірге келді.