Концертке ішіп алып, шегіп алып шығуды қою керек - Әлия Құдайбергенова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Концертке ішіп алып, шегіп алып шығуды қою керек - Әлия Құдайбергенова

Концертке ішіп алып, шегіп алып шығуды қою керек - Әлия Құдайбергенова

Белгілі журналист әрі продюсер Әлия Құдайбергенова концертке ішіп, шегіп шығатын әншілерді сынға алды.

  • 21 Қараша 2018
  • 352
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы әнші өзінің facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Концертке , біреудің армандап, аңсап жеткен той-қуанышына ішіп алып, шегіп алып шыққанды қою керек, құрметті әнші, әртіс, өнерде жүрген адамдар!
Сахнаның болмаса да өнердің киесі бар!
Ол көрерменді яғни ата-әжеңдей қарияларды сыйламай, оң-солын танымай, мәз болып шапалақ ұрып отырған сәбилерді аямағаның! 
Қызара бөртіп, майысып, сүрініп, аса шаттанғаннан айқайға басып, қолды ербеңдетіп олай да бұлай бұлғап, "шалықтағаннан" көзді жұмып, ойға шомғандай кейіп танытып "эйфорияға" берілу — осының бәрін отырған көрермен көрмей қалатын көзі соқыр, білмей қалатын сезімнен жұрдай, мақұлық емес!
Бабаңның, атаңның, әкеңнің сатып, атыңа өткізіп берген сахнасы емес, ол сенің!
Мен көрген соң, сезген соң, жиіркенген соң жазамын! Титтей болса да осы жазбам қытығына тиіп, ұяттары оянсын деп.
Бәріне бірдей күйе жақпаймын. Әдепті, тәрбие көрген, өзгеден именіп тұратын көргенділер көп, өнерде жүрген.
Жақында сұхбатты қайта бастасам деп жүрмін. Сонда осындай бассыздықтың бәріне жауап алар едім, ерінбей.
Тым еркінсіп кеткенсіздер, кейбір әртістер! Дәлду дәуреніңіз де аяқталар, аяқталмаса арты ашылар. Күзе кесе мың күнде емес, бір күнде сынарын есепке алғайсыз.
Тас төбеден жай түскенде ешнәрсеге шамаң келмей, "тырбаңдап" қаласың. Барлығы да сенің "арағың" бетіңе шыға жаздаған түріңе қарап, әніңді тыңдап отырған елдің арқасы екенін ұмытпай, бір сәт тәубеңе келу — әрбірден соң ардың ісі!
Мен, күніне болмаса да күнара талай жарымжан, бағы тайған, тағдыры аямаған, жылаған, басқа түгі жан қайғы боп отырған жандардың көзжасын сүртіп, маңдайынан сипап отырған хабардың продюсерімін. Өмір, уақыт, адамдар соншалықты қадірсіз емес екенін жақсы білемін. Сондықтан шығар, титтей ерсі дүние жүрегімді ауыртып, жүйкеме тиеді. Мұның бәрін былай қойғанда он жыл өнерге қызмет еткен адам ретінде (сұхбат алсам да) қақым бар деп жазып отырмын.
Айып болмасын!
Аттарын атаудың қажеті жоқ, олай жасамаймын мен. Қолымнан келмегеннен емес, арғыжағында қанша нәрсе жатыр. Өзіме қатыстысы: этика.
Кештен, тойдан көргенімді, түйгенімді жаздым. Бір адамға ой салса, сол да олжа" — деп жазды журналист.

Соңғы жаңалықтар