Көңілбай Шүкенов: Стрелкаға тапаншамен жүрген кездерім болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көңілбай Шүкенов: Стрелкаға тапаншамен жүрген кездерім болған

Көңілбай Шүкенов: Стрелкаға тапаншамен жүрген кездерім болған

Көңілбай Шүкенов көпшілікке мұқтаж жандарға тегін үй салып беретін қайырымды жан ретінде танымал.

  • 12 Маусым 2020
  • 199
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкер Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, көбінесе үйін тартып алғандардың сазайын беріп, стрелкаға шығатынын айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Стрелкаға жалғыз барамын. Ойламаған жерден барып қалатын кездер де болып жатады. Тапаншамен жүрген кездерім болған, қазір екі қолыммен барамын", — деді Көңілбай Шүкенов.

Кәсіпкер сұхбат барысында кез-келген мәселелерді әсіресе үйін тартып алғандар мен коллекторлер араласқан істермен айналысатынын айтты.

"Бізге хабарласқандардың көпшілігі "үйімді банк тартып алып жатыр немесе үйім қазір кетіп жатыр", — дейтін мәселелер. Бізге түн ішінде хабарласатындар бар, олар "коллекторлар жаулап жатыр, есігімді қағып жатыр", — дегендей. Коллекторлар заңмен жұмыс жасағанымен адамның құқықтарын таптап жатыр. Кредит төлей алмай жатыр десек те, оларды ұрып соғу керек пе? Олармен де сөйлесуге болатын жағдайдар болып жатады", — деді кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар