Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әйел он бір жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әйел он бір жылға сотталды

Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әйел он бір жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

  • 29 Қазан 2015
  • 550
Фото - Caravan.kz


жергілікті тұрғын әйелді кісі өлтіруге тапсырыс бермек болған әрекеті үшін он бір жылға соттады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
"Ол жазасын 11 жыл 3 ай бойы жалпы режим колониясында өтеуге тиіс», делінген соттың хабарламасында.
Істің материалдарына қарағанда, әйел отбасы бар ер адамнан бала туып, оған отбасын тастатуға тырысқан. Ойындағысы болмай екеуі айырылысқан соң ол іше бастаған, сонда еркек сот арқылы одан баланы алып алған. Әйел 500 долларға адам жалдап, оны өлтіртпек болған, алайда тапсырманы орындаушы құқық қорғау органдарына хабар берген. Полиция ұйымдастырған адам өлтіру сәті сахналанғаннан кейін  әйел ұсталған.