“Көңілім босап қоя береді”: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы әсерлі жазба қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Көңілім босап қоя береді”: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы әсерлі жазба қалдырды

“Көңілім босап қоя береді”: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы әсерлі жазба қалдырды

Мұхтар Ниязов ауырып жүрген Жүрсін Ерманмен түскен суретін жариялады.&nb

  • 27 Маусым 2023
  • 735
Фото - Caravan.kz

 

Ақын сыртқаттанып жүрген Жүрсін Ерманмен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында жариялап, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Сәпсем бос адаммын ғой. Жүрсін ағаның күндей күркіреп, жасындай жарқылдап жүрген сәттерін ғана көрген соң ауырып қалғалы көзіне көзім түсіп кетсе көңілім босап қоя береді. Кешегі Қызылжардағы айтысқа сау адамның жетуі оңай болған жоқ, жердің мойыны алыс қой. Екі күн өте жақсы айтыс өтті. Шұғайып інім бас жүлде алды. Ерекше қуандық. Ақындығы да, адамдығы да ерекше жігіт. Басқа ақындарды да құттықтаймын. Айтыстан кейін көптен сағынсып жолыққан соң Жүрсін ағаға барып, әбден құшақтап, сосын қанша адамның көзінше жылап толқып тұрғаным ұят болар деп оңаша шығып кеттім. Ет пен сүйектен жаралған әлсіз пендеміз ғой, өмірдің бар шындығын білсек те толық мойындауға сабырымыз жетпей жатады. Содан көзімнің жасын сүртіп, өзімді енді ретке келтіріп жатсам, Рүстем құрдасым жетіп келіп “не боп қалды, Мұха” дейді, сол жыламсыраған күйі Русяға барып, “бас бәйгені Шұғайып алып кетті ғой, енді мен не істеймін, не жаздым соншама” деп құшақтап алғанмын. Ол досым да менің көңілімді аулап жүреді ғой өмір бойы, жұбатып әлек боп жатыр. Мен “еңкілдеп жылап” сылқылдап күліп жатырмын. Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне, Жарқын Жұпархан бастаған барша ұйымдастырушыларға мың алғыс. Мағжанның тойы дүркіреп өтті. Ерлан Жақанұлының сөзі де өте шынайы шықты. Басы бұлттан арылмаған Мағжан ақынның күні енді туып келе жатыр, оның жалынды жырлары, өміршең идеялары ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға жалғаса берсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!”, — деп жазды ақын.


 

 

Соңғы жаңалықтар