Бұған байланысты концерт ұйымдастырушысы Талғат Әбдірахманов өз шындығымен бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Әртістер мұнда ұшып келмейтіндіктен концерт болмайтын болды. Біз тур болу үшін бәрін жасадық. Тіпті визаға да рұқсат алдық. Ұшақ билеттері мен қонақ үй номерлерін 3 рет төледік. Турдың уақыты бірнеше рет өзгергендіктен оның да ақысы төленді. Оның да өзгеруіне себеп біз емес. Бұл турды жасау үшін көп уақытымыз, күшіміз бен ақшамыз кетті. Бірақ, өкінішке орай болмады. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймыз. Бір жыл бұрын бұл істі алу керек пе дегенде қазір 1000 рет жоқ дер едім. Билет алғандардың ақшасы ертең қайтеді», — деп жазды концерт ұйымдастырушы.
Сондай-ақ, ол Ерке Есмаханның жары Раймның телефон тұтқасын алмай қойғанын атап өтті.
«Концерттік виза бойынша олар 2 желтоқсан күні визаларын алды. Содан кейін ол аяқ асты телефон тұтқасын алуды қойды. Қоңырауға да, хабарламаға да жауап берулерін қойды. Бірақ 7 ақпанға дейін Еуропаға демалуға кетіп қалды. Ал концерт 5-9 ақпан аралығында болу керек еді», — деді Талғат Әбдірахманов.