Көпбалалы ана: алатын жәрдемақым 768 теңгеге өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпбалалы ана: алатын жәрдемақым 768 теңгеге өсті

Көпбалалы ана: алатын жәрдемақым 768 теңгеге өсті

Елімізде көпбалалы аналарға берілетін айы сайынғы жәрдемақы биыл 768 теңгеге өсіп, 16 мың 160 теңгеге жетті.

  • 29 Қаңтар 2019
  • 239
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде әлі де қызу талқылануда. Бұл қаражат көпбалалылардың жыртығына да жамау бола алмайды деген жұрт, "министрлік халықтың жағдайын толық білмейді" деп сөгуде.

Елімізде көпбалалы аналардың алатын жәрдемақысына қатысты әңгімелер қыза түсуде. Тіпті, фэйсбук парақшасы арқылы алтын құрсақты аналар үндеу жариялап, өз наразылықтарын білдірді. 

FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ:

«На каком основании такой министр занимает это место? Мне теперь интересно, если каждая многодетная мама получает несколько миллионов, где эти миллоны? Может укажет мне мой счет? На которую я получала?»

Көпбалалы аналардың үндеуін қоғам белсенділері де қолдап әкетті. Шетелдің тәжірибесін келтіргендердің, министрге айтар жауаптары да дайын екен. Мәселен, Әлия Садырбаева есімді желінің белсенді қолданушысы әлеуметтік парақшасында бүй деп жазыпты:

ЦИТАТА «Мысал ретінде Еуропаның ең бай елдерінің тізіміне кірмейтін Польшаны алайық. Онда 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап, барлық ата-ана әр баласын бағып-қағуға айына шамамен 120 еуро үстемақы, біздің ақшаға шаққанда 51840 теңге алады. Бұл баласын бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты жандарға немесе қамқоршыға қатысты жағдай. Ал егер отбасы толық болса, онда үстемақы 2-ші рет балалы болған соң төленеді, сөйтіп ата-аналар әр баласы үшін жылына 1440 еуро, яғни 622 080 теңге алады».

Дүйім жұртты дүрліктірген мәлімдемені министр бір апта бұрын жасаған болатын. Еске салсақ, ол «еліміздегі көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы миллиондаған теңге жәрдемақы алады, басқа елде біздікіндей жағдай жасалмаған» деп жар салған еді. Алайда жұрттың сынына ұшырағаннан кейін, өз сөзін дұрыстап былай түсіндіруге тырысты.

«Бізде 6 немесе одан да көп бала туғандарға «Күміс» не «Алтын» алқа беріледі. Осындай мараппатталған аналарымыздың саны қазіргі уақытта елімізде 237 мың ана бар. Әр анаға ай сайын қазіргі уақытта айтып отырмын ғой, 16 160 теңге жәрдемақы төленіп отыр» — дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Алайда өмір сүру қымбат! Мәселен, сегіз баланың анасы Гүлбаршын Жақсылықованың сөзінше, Астана үшін 16 мың теңге түкке тұрмайды. Себебі министрдің жәрдемақы деп отырғаны 8 бала түгілі, біреунің да шығынын да ақтамайды.


«Миллиондаған ақша алып көрген емеспін. Ай сайын пособие аламын "Алтын алқа" деген, 8 балама 15-ақ мың аламын. Осы балаларымызды бағу үшін Астанада жүрміз. Мысалы базарға бір баланы киіндіру үшін 50-60 мың кетеді бір баланың өзіне менде 8 бала. Жәрдемақым 15 мың 8 балама жетпейді. Ай сайын маған 300-400 мыңдай кетеді» — дейді «Алтын алқа» иегері Гүлбаршын Жақсылықова.

Осылайша министр атышулы мәлімдемесінде айтқанынан қайтпайтындай рай танытты, осы жолы да. Ал, жұрт болса былтырғымен салыстырғанда 200 теңгенің ар жақ, бер жағында өскен жәрдемақы жыртыққа жамау болмайды дейді. Қарапайым мысал. Дүние есігін енді ашқан сәби үшін ең аз дегенде қанша ақша кетеді екен? Әуелі күніне бірнеше рет ауыстыратын жөргегі бар шамамен 40 мың. Жатар төсегі, киер киімі, қосымша берілетін сүті, тамағы бар. Бәрін қосқанда кемі 100-150 000 шығады. Бұл тек жаңа туған сәбидің шығыны. Ал қалған балалар ше? Жұртты таңқалдыратыны да осы…

"Жетпейді, өйткені қазір барлығы қымбаттап жатыр ғой. Мына детское питание дегеннің барлығы қымбаттап жатыр. Сондықтан жетпейді"

"16 мың теңге бөлсе, біраз бір есептер болған шығар, бірақ менің ойымша ол аз, өйткені қазір теңге құлдырап қалды ғой"

"Үйге шай-пай аласын, анау-мынау аласын соның өзіне 10 шақты мың кетіп қалады, 16 мың балаға қалай? Памперстің өзі қанша тұрады"

Қалай десек те, биылдан бастап «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иелеріне берілетін жәрдемақының көлемі 700 теңгеге өсіп, 16 мыңды құрап отыр. Оның өзінде әр тоқсан сайын көпбалалы ана екеніңді дәлелдейтін анықтама өткізуің керек. Осылайша, алтын құрсақты аналар мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мардымсыз екенін алға тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар