Ғалияның балалары ұйықтайтын бөлмеде айналып жүрмек түгілі, тұратын да жер жоқ. 34 жастағы келіншек 9 жылда 5 баланы дүниеге әкелген. Екеуі балабақшаға барады екен. Оларға ай сайын 18 мың теңге төлеуге қиналған Ғалия келесі жылы 4 жасар қызын мектептің дайындық тобына бермекші. Бес немересі мен жалғыз қызын аяған оның ата -анасы амал жоқ таршылыққа төзіп отыр.
Ханшайым Қаймолдина, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Пәтерге жай тұрғызбайды ғой ешкім. Ақша төлеу керек. Ол төлеген ақшасы оның өзі жұмыс істемегеннен кейін, жолдасының ақшасы шамалы, біздің зейнетақымыз да шамалы. Одан өйтіп бергенше, тар үйде болса осы бізбен бірге тұр деп балаларды бөтен пәтерге жібермей отырмын.
Ғалияның 73 жастағы анасы Ханшайым апайдың бір аяғы жоқ. Соғыс кезінде оңбай құлаған ол дұрыс ем алмағандықтан жарымжан болып қалыпты. Жұбайы Шаяхмет те бірінші топтағы мүгедек. Бойы бір метрден сәл ғана асады. Ол да соғыстың салдарынан дұрыс емделмей, осындай күйге түскен.
Шаяхмет Қаймолдин,Петропавл қаласының тұрғыны:
-Балаларға тар болып отыр ғой. Оқуына , екеуі төргі үйде сабақпен айналысады. Екеуі үстелге, ал үшіншісі бастауыш сыныпқа барады Төрт жастан асты. Қазір балабақшада..
Ғалияның жолдасы қалаға іргелес ауылда учаскелік инспектор болып істейді. Сол жерде апасының үйінде тұрады. Бала- шағасы мен жарын көруге айына бір рет, жалақы алған күні ғана келеді. Онда да жатын орын болмағандықтан қонбай кететін көрінеді. Осыдан жеті жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған. Алайда жасы келіп қалған тәртіп сақшысы жуырда зейнетке шығады екен.
Ғалия Қаймолдина, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Мен қорқам, жолдасым зейнетке шықса ертең кезектен алып тастайды. Сосын қашан пәтер аламыз, неше жыл өтеді. Баларымызға керек. Сабақ істейтін орын керек, жататын орын керек.
Олар жергілікті атқамінерлерге талай мәрте мәселені айтып барғанымен, еш нәтиже жоқ. Бар үміттері отағасы Талғаттың пәтер кезегі ғана.
Дастан Жүкенов, Петропавл қалалық әкімдігі коммуналдық-тұрғын үй тарату бөлімінің инспекторы:
—Әбілдин Талғат Қуанышұлы 2007 жылдан бері пәтер кезегінде мемлекеттік қызметкер тізімінде тұр. Оның кезегі 493. Биылғы жылы қала бойынша 144 пәтер беріледі. Биыл пәтер алуы екіталай, келесі жылы алуы мүмкін.
Екі баласынан айрылып, жалғыз қыз ғана өсірген Ханшайым апай Ғалия жыл сайын жүкті болғанда, тоқтау салмадым дейді. Ал немерелерінің ертең бір-біріне сүйеу боларына сенімді.