Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көбейді.

  • 27 Наурыз 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы 8,5 пайызға көбейген. Ал жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңгеге жәрдемақы алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;


5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Соңғы жаңалықтар