Жарияланды: 440

Көпірден секіріп өлгісі келген қызды құтқарған полицейлер марапатқа ұсынылатын болды

Көпірден секіріп өлгісі келген қызды құтқарған полицейлер марапатқа ұсынылатын болды

Көпірден секіріп өлгісі келген қызды құтқарған полицейлер марапатқа ұсынылатын болды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін таңғы 8-де болған. Әуезов ауданының «Буран-111» жол-патрульдік экпиажы оқиға орнына тез арада жеткен.

Полицейлер ең алдымен қыздың проблемасын білу үшін сыр тарта бастайды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен отбасылық кикілжіңдерден осылайша құтылғысы келген. Сондай-ақ, оның кішкентай нәрестесі бары белгілі болды.

«Жас қыз секіріп тұруға оқталып тұрды. Бірақ, біз «сен кетсең, балаң қалай өмір сүреді?» деп ойландыра түстік. Оңтайлы сәті келгенде оны көпірдің жақтауынан сүйреп алып кеттім. Сәл кешіккенде ол секіріп кетуге аз тұрған», - деді қалалық ІІД жол-патрульды полиция полкінің инспекторы Әділ Әділханов.

Көз жасына ерік берген жас келіншек қазір полиция учаскесінде. Оған медициналық көмек көрсетілді. Оның ата-анасы мен туыстарына хабар берілді.

«Біз ешқандай  ерлік жасаған жоқпыз. Бұл - полицейлердің күнделікті жұмысы. Қылмысқа қарсы күресіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтарды қорғауға ант бергенбіз», - деді сержант.

Жол-патрулдік полкі қазір «Буран-111» экипажын марапаттау туралы ұсынысты қалалық ІІД-не жіберді. Айта кету керек, экипаж құрамында полиция сержанттары Санжар Әбдрайымов пен Мәди Қартабаев бар.

null
null
null
null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін