Болжам бойынша 20-25 жас аралығындағы жігіт таңға жуық екінші қабаттағы ашық тұрған терезеден кіріп, бөлмеде жалғыз ұйықтап жатқан 12 жасар өрімдей қызға күш көрсетіп зорлаған. Бұл білгенін істеп болған күдіктінің оқиға орнынан тайып тұрған сәті Жалаңаш күйінде шыққан ол тек іш киіммен түсіп қаласықпай кетіп бара жатыр. 20-25 жас аралығындағы қаскөй сырттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір оның сыртынан қылмыстық іс қозғалса, Ішкі істер департаменті бұл жігіт туралы қандай да бір ақпарат берген адамға сыйақы тағайындады.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Қазіргі таңда біз азаматтардан сұрайтынымыз, сол ауыр қылмысты ашуға көмек беруді. Өйткені жәбірленуші кәмелетке жасы толмаған 12 жастағы қыз. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат іздеуде.