"Корочье, кешірім сұраймын": Қазақтардың ар-намысына тиген әйел кешірім сұрағандай болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Корочье, кешірім сұраймын": Қазақтардың ар-намысына тиген әйел кешірім сұрағандай болды (ВИДЕО)

"Корочье, кешірім сұраймын": Қазақтардың ар-намысына тиген әйел кешірім сұрағандай болды (ВИДЕО)

Кеше желіде Өзбекстаннан көшіп келген әлдебір әйелдің жергілікті қазақтардың ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтып жатқан видеосы тараған болатын.

  • 26 Қаңтар 2021
  • 4460
Фото - Caravan.kz

 Енді ол сол әрекеті үшін ол көпшіліктен кешірім сұрап, жаңа видео жүктеді, деп  хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ой, ағайындар, бұл – өтірік видео. Қазақтар мен қарақалпақтарды бір-біріне қарсы қою үшін біреулер үзіп-үзіп алып, салып жіберіпті, провакация жасап. Негізінде мен «Друг Вокруг» деген сайт бар, танысу сайты. Сол жерде эфирде 3 адам болып жай сөйлесіп отырғанбыз. Сонда аты-жөні жазылмаған бір жігіт жазды "Ей, қалпақ, өзбек, сені танимын ғой, проститутка" деп жазды. "Кімсің өйтіп айтатын" деп екеуміз сөз таластырып кеттік. Тікелей эфир ғой, қаншама адам қарайтын. Бір қарасам, ана жерде 271 адам болып кетіпті. Маған біреулер жақсы жазып, қолдап жаты , біреулер қарсы шығып жазып жатты", — дейді әйел видеосында.

"Корочье, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын. Мен өзім де қазақпын. Қазақстанға көшіп келдім. Нанын, тұзын жеп, түкіріп отырғаным жоқ. Ана жерде білмей-көрмей тұрып, адамдар, олай айтпаңдар. Сендер бұл видеоның қалай шыққаның білмейсіңдер ғой" — деген ол, кешегі дөрекі сөздері үшін кешірім сұраған болды.


ВИДЕО мына сілтемеде:  https://www.facebook.com/100027287961891/videos/734160480836877