Коронавирус: Алматылық медқызметкерлер жұқтырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Алматылық медқызметкерлер жұқтырған жоқ

Коронавирус: Алматылық медқызметкерлер жұқтырған жоқ

Алматы қаласында коронавирустың таралуының алдын алу штабы құрылған кезден бастап барлық медицина қызметкерлері қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

  • 17 Наурыз 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткізген онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің барлығы арнайы киімдермен қамтамасыз етілген.

Ол арнайы киімдермен қамтылды, респираторлар, маскалар және залалсыздандыру құралдары да жеткілікті. Медицина қызметкерлері күн сайын мекемеге кіріп, шыққанда термометриядан өтіп тұрады. Яғни сақтық шараларын қатаң сақтап отыр. Қазіргі уақытта қаладағы медицина қызметкерлері арасында вирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ,-деді басқарма басшысы. 


Сонымен қатар, ол қауіпті вирус анықталғандардың барлығы сырттан келгендер екенін атап өтті. Қазір бұл адамдармен байланыста болғандардың барлығы карантинге жабылған.

Соңғы жаңалықтар