Коронавирус: АҚШ президенті жалақысын емге аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: АҚШ президенті жалақысын емге аударды

Коронавирус: АҚШ президенті жалақысын емге аударды

АҚШ президенті Дональд Трамп 100 мың долларды коронавируспен күрес үшін аударды. Чек АҚШ денсаулық сақтау министрі секретариатының атына жазылған.

  • 4 Наурыз 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп 2019 жылдың төртінші тоқсанында алған 100 мың долларын коронавируспен күреске аударды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады.

Гришем Twitter жазған постына чекті тіркеді. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Трамп жалақысын дәстүрлі түрде түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге аударып тұрады.

Айта кетсек, қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 80 304 адам Қытайда, қалған 10 566 адам 72 елде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар