Жарияланды: 9600

Коронавирус бар деп сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ - Қайнар Алагөзов

Коронавирус бар деп сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ - Қайнар Алагөзов

Белгілі айтыскер ақын Қайнар Алагөзов коронавирусқа сенбейтінін айтты.

Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жер бетінде ешқандай да Коранавирус жоқ, достар.
Коранавирус бар деп, елді ақымақ санап, жұртты сендіргісі келген адамның бәрі аферист, алаяқ", - деп жазды Қайнар Алагөзов.

Айтыскер ақынның оқырмандары оның пікірімен келіспеді.

"Қайнар, дәм сезбей мұрныңыз иіс сезбей жатса көрер едім. Олай айтудың қажеті жоқ", "Сіздің сенетін сенбейтініңіз маңызды емес қой,жоқ екеніне қандай дәлеліңіз бар, жоқ болса тіптен жаксы ,зато той болмайды халық кредит алмай той жасамай, барлығын үнемдейтін болды", "Сізді қазір мен жатқан ауруханага әкеліп демала алмай жатырғандарды көрсеңіз басқаша сайрар едіңіз.Коридорда жатыр орын жоқ больницадан қашатын адамдар жатуға жалынып жатыр өйткені бұл жай грипп емес қызуыңыз түспей қалшылдап жатсаңыз демала алмай жатсаңыз басқаша сайрайсыз", - деп жазды желі оқырмандары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін