Коронавирус: ғалымдар вирус жайылған өлкелерді көрсетіп тұратын онлайн-карта ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: ғалымдар вирус жайылған өлкелерді көрсетіп тұратын онлайн-карта ойлап тапты

Коронавирус: ғалымдар вирус жайылған өлкелерді көрсетіп тұратын онлайн-карта ойлап тапты

Картадан вирус белең алған ірі аймақтарды, көз жұмған адамдар мен вирусты жұқтырған адамдар санын көруге болады.

  • 29 Қаңтар 2020
  • 107
Фото - Caravan.kz

Джонс Хопкинс атындағы америкалық университет Қытайдан тарап жатқан коронавирус инфекциясының онлайн-картасын жасады, деп жазды massaget.kz 

Карта коронавирустың Қытайда және одан тыс мемлекеттерде таралу аймағын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қытай денсаулық сақтау комиссиясы және өзге деректер бойынша жаңартып отырады. Картадан вирус белең алған ірі аймақтарды, көз жұмған адамдар мен вирусты жұқтырған адамдар санын көруге болады.

"Біз бұл ақпараттық панельді ситуацияның қаншалықты маңызды екенін жұрт білсін деп жасадық. Бұл – зерттеушілер үшін де өте құнды деректер қоры", — дейді Лорен Гарднер.


28 қаңтардағы дерек бойынша, коронавирустан қаза болғандардың саны 100-ден асып кетті, ал оны жұқтырғандар саны – 4515. Қытай билігінің мәліметінше, Бейжіңдегі 9 айлық қыз – вирусты жұқтырғандардың ішіндегі ең жас адам. Вирус Қытайдан бөлек Гонконг, Макао, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Малайзия, Франция, Сингапур, Аустралия, Вьетнам мен Непалға да тараған.

Соңғы жаңалықтар