Коронавирус: Лондон - Петропавл рейсімен келген 2 жолаушыдан анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Лондон - Петропавл рейсімен келген 2 жолаушыдан анықталды

Коронавирус: Лондон - Петропавл рейсімен келген 2 жолаушыдан анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекция анықталған екі оқиға тіркелді.

  • 16 Сәуiр 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вирус анықталғандардың екеуі де 14 сәуірде Лондон-Петропавл рейсімен келген.

Коронавирусқа алынған сынамадан соң 20 жастағы студент пен 40 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Байланыс жасаушылармен жұмыс жалғасуда, — деді баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, 14 сәуірде Петропавл Лондоннан ұшып келген рейсті қабылдаған. Ұшақта 95 қазақстандық азамат болған.

Соңғы жаңалықтар