Коронавирус – "Майн кампф"-тың жаңа нұсқасы ма? Олжас Сүлейменов қандай үрейлі болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус – "Майн кампф"-тың жаңа нұсқасы ма? Олжас Сүлейменов қандай үрейлі болжам жасады

Коронавирус – "Майн кампф"-тың жаңа нұсқасы ма? Олжас Сүлейменов қандай үрейлі болжам жасады

Бүгінде осы мақаланың атауындағы сұрақ көпшілікті мазалайды.

  • 19 Қазан 2020
  • 3731
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, ақын, дипломат Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ-тің не ойлайтынын КАРАВАН тілшісі анықтап көрді.

Олжас Омарұлы, пандемия адамзаттың табиғат күші алдында дәрменсіз екенін көрсетті …

— Мен мұны табиғи апат дер едім. Бірақ оның шынымен стихиялы немесе қасақана ұйымдастырылғанын анықтау қиын.

— Кімнің тарапынан?

— Әлем халқы санының өсуінен қауіптенетіндер тарапынан.

Бұл тым батыл анықтама емес пе?

— Келісемін, өйткені бұл бәрін алаңдатады. Бізді де. ХХ ғасырдың ортасында жер бетінде 2 миллиардқа жуық адам болған. Жарты ғасырда ол 7 миллиардтан асты. Енді бір онжылдықта олардың саны екі есеге артады. Сонымен бірге жердің құнарлылығы да, жер асты байлығы да сарқылады. Көп ұзамай био-тамақ өнімдерін көмір, мұнай, газдың жасанды материалдары алмастырады. Бірақ олардың да қорлары азайып барады. Басқа органикалық минералдар жоқ. Ураннан басқа. Бірақ уранды жару оңайырақ. Осындай көрініс елестейді. Бұл жағдай біреулерді адамзаттың санын жасанды жолмен қысқарту туралы ойға жетелейді. Яғни Хомо Сапиенс түріне жататын адамдардың ең озық өз бөлігін құтқару үшін

— Ол қандай бөлік?

— Көпшіліктің мәлімдемелерін оқығаннан кейін мен Миллиард туралы нұсқа көріп отырмын. Бұл бір нәсілдің, бір діннің (әрине, христиан), ортақ мәдениеті бар (ең алдымен, еуропалық) адамдар ғана.

Жаңа редакциядағы «Майн Кампф» нұсқасы. Бірақ қалған алтауын қалай құртып, адамзаттың озық бөлігі Миллиардтың өмірін қалай жалғастыруға болады? Ядролық соғыс? Жарамайды, өйткені ол бәрінен бұрын әлгі Миллиардты да аямайды.

Сондықтан коронавирусты қолданып көрдік.

Иә, оның Америкада шығарылғаны, әрі қарай зерттеу үшін Ухань зертханасына апарғаны жазылды. Және ол кездейсоқ зертханадан сыртқа тарап кетті.

— Тарих «кездейсоқ», «стихиялы», «ұйымдасқан» нұсқаларын таразылай жатар, шындықты анықтайтын шығар.Қытай бұл инфекцияның алғашқы шабуылын тез жеңді және ол кезекте Американы шарпыды. Бумерангтың кері әсері ма, қалай?

Соңғы жаңалықтар