Қазақстанда өткен тәулікте 1 264 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Ең көп індет жұқтыру жағдайы Алматы қаласында (366) тіркелді. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (285) мен Қарағанды облысында (98) анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 285
- Алматы қаласы — 366
- Шымкент қаласы — 36
- Ақмола облысы — 50
- Ақтөбе облысы — 26
- Алматы облысы — 91
- Атырау облысы — 36
- Шығыс Қазақстан облысы — 28
- Жамбыл облысы — 18
- Батыс Қазақстан облысы — 81
- Қарағанды облысы — 98
- Қостанай облысы — 44
- Қызылорда облысы — 4
- Маңғыстау облысы — 6
- Павлодар облысы — 47
- Солтүстік Қазақстан облысы — 35
- Түркістан облысы – 13.
Жалпы, бүгінге дейін індет жұқтырғандар саны республика бойынша 229 217 адам болса, 209 630 пациент жазылып шықты. Ал 2 881 науқас көз жұмды.