Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен

Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен

Коронавирус. Осы аптада науқастар саны 12%-ға өскен.

  • 17 Наурыз 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында 17 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас және КВИ- бойынша 49 896 жағдай тіркелді. КВИ+ бойынша жазылып шыққандар саны 208 074 болса, КВИ- бойынша 45 428 (науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар соңғы 5 күн ішінде тәулігіне 1000-нан астам жағдай анықталды, — деді ол.

Бас санитар соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12%-ға өскені байқалғанын жеткізді.


Қазақстан Республикасы тәуекелі төмен аймақтан немесе «жасыл» аймақтан тәуекелі орташа аймаққа немесе «сары» аймаққа ауыстырылды. «Қызыл» аймақта 3 өңір: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тіркелді. «Сары аймақта» Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған облыстар «жасыл» аймақта орналасқан, — деді ол.