Коронавирус пандемиясының жоғары деңгейі байқалған өңірлер аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус пандемиясының жоғары деңгейі байқалған өңірлер аталды

Коронавирус пандемиясының жоғары деңгейі байқалған өңірлер аталды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирустың таралу қарқыны төмендегенін атап өтті. Алайда, бірқатар өңірлерде басқаша жағдай байқалады.

  • 6 Сәуiр 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның пікірінше, енгізілген карантин вирустың баяулауына әсер етеді.

"Осылайша, 27 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтандағы науқастардың күн сайынғы өсуі 5-ші сәуірде 60 жағдайдан нөлдік жағдайға дейін төмендеді, ал Алматыда күн сайынғы өсім 15-тен алты жағдайға дейін, республикада аурудың өсуі 10 пайызды құрайды.

Алайда, бірқатар аймақтарда — 20-дан 30 пайызға дейін — Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында өсім байқалады, бұл қосымша шектеу шараларын қабылдауды қажет етеді", — деді елдің бас санитарлық дәрігері.


Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 604-ке дейін өсті.

Соңғы жаңалықтар