Жарияланды: 140

Коронавирус қашан аяқталады?: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті іс-шара жүргізді

Коронавирус қашан аяқталады?: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті іс-шара жүргізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті мен биофизика және биомедицина кафедрасының 1 курс эдвайзерлері жәнеТүркменстан мемлекетінен келген студенттердің қатысуымен «Коронавирусқа жол жоқ» атты іс-шара өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Іс-шара барысында әрбір азамат денсаулығының маңыздылығы талқыланды.

Өзіңді бұл індеттен сақтау үшін, ең алдымен оның шығу тегін анықтау маңызды.

Дәрігерлер вирусты қалай анықтайды?

Зертханалық сынақ бойынша ДДСҰ дәрігерлер бірнеше сынама алады. Оған мұрын мен тамақтан алынған жағу сынамасы мен төменгі тыныс алу жолынан алынған қақырық пен қан қажет.

Зертханада дәрігерлер вирустың генетикалық дәлелін іздестіруде. Оған келесі теріс траскрипциясы бар полимеразалы тізбектік реакция немесе ТТ-ПТР деп аталатын әдіс қолданады. Егер, вирус болса, методика РНҚ көшірмесін шығарады – вирустың генетикалық кодв – бұл SARS-тәрізді коронавирустар үшін ерекше болып табылады. Тест оң нәтиже алу үшін зерттеушілер генетикалық сараптаманы жалғастырады. Себебі, ол арқылы SARS-CoV-2 болуы мүмкіндігін анықтайды. Бұл әдіс - науқастар толық ауру жұқтырған жағдайға негізделген. Олардың ағзасында анықтауға көптеген вирустар бар.

Жұқтырған адамдардың барлығында тест оң нәтиже бермейді.

Алдымен, Америка Құрама Штаттарында тестілеу Ухань қаласына барған немесе ол адамдармен қатынаста болған адамдармен шектелген. Ал, қазір кез-келген дәрігер шақыртқан адам сараптама тапсыра алады.

CDC алғашқы диагностикалық жинағы да қате болған. Бұл тұрғылықты және мемлекеттік зертханалардың науқастарға скрининг жасау мүмкіндігін шектеген. Содан кейін шенеуніктер коммерциялық және академиялық зертханаларға өз тестілеуін дайындауға мүмкіндік берген. Ол тестілеу мүмкіндігін жоғарылатады. Бұл зерттеу нәтижелері мемлекеттік зертханаларда расталуы қажет.

Вирус қайдан келді?

Коронавирус - зоонотикалық.  Бұл дегеніміз - олар жануарлардан тарап, адамға өтуі мүмкін. Жарқанаттар көбінесе коронавирус тасымалдаушысы болып табылады. Бірақ, көп жағдайда ол вирусты бірден адамдарға жұқтырмайды.

MERS болса, адамдарға өтуден бұрын жарқанаттардан түйелерге өткен (SN:25.02.2020). 22 қаңтар жарық көрген «Медициналық вирусология» журналында «коронавирус жарқанаттар коронавирусының компонеттерінен

тұрғанымен, адамдарға оны жыландар жеткізген» деп болжайды. Алайда, көптеген вирусологтар эпиемияның артында жылан тұр дегенге қарсы көзқарас танытуда (SN:1/24.2020). Басқа сараптамалар вирустың көзі ретінде кесіртке тәрізді аңдарды жатқызған. Дегенмен, SARS-CoV-2 бұл аңдардың коронавирусы арасында жарқанаттардың коронавирусына қарағанда байланыс аз. Бұл дегеніміз - жұмбақтың шешімі әлі алыс.

Берілген мәліметтерге байланысты вирус жануардан адамға тек бір рет өткен.  Одан кейін, тек адамнан адамға жұғып жатыр. Бедфордтың сөзі бойынша, науқастардың тығыз қарым-қатынасына қарай, зерттеушілер о бастан ойлағандай базардағы теңіз өнімдері адамдарға вирусты бірнеше рет таратпаған. Егер вирус жануардан адамға бір реттен артық өтсе, ғалымдар мутация санының көп болатынын ескертеді.

Қазіргі таңда вирустың шығу тегін білудің маңызы неде?

Вирустың шығу тегін білу- бұл адамдардың ауру жұқтырған жануарлардан аулақ болудың, жаңа ауру тараудан қорғанудың қадамы болып табылады.

Үй жануарларының ауруы мүмкін бе?

Гонгонгтағы бір ит туралы хабарламада, оның коронавирус инфекциясының төменгі деңгейі көрсетілген. Жануардың иесі коронавирус жұқтырғанымен, ауруға байланысты итте ешқандай белгілер анықталмаған (SN: 3/5/2020). Қазіргі таңда үй жануарларының ауруы немесе адамдарға немесе басқа жануарларға жұқтыруы мүмкін деген дәлел жоқ.

Коронавирустың бірнеше түрі жануарларды зақымдайды, кей жағдайда оларды ауру ете алады. Сондықтан, CDC үй жануарлары мен байланысты тоқтатып, егер сіз ауырсаңыз бетперде тағып жүруді кеңес береді. Зерттеушілердің Nature 2003 жылы баяндауы бойынша, мысықтар SARS вируспен зақымдануы мүмкін. Сол клеткада басқа мысықтарға жұқтыра алады. Алайда, оларда ешқандай белгі байқалмаған. Тура сол жағдай күзендерде де байқалған.

CDC Қытай еліне саяхаттап жүргендерге жануарлардан алшақ болуды ұсынады. Агенттіктер АҚШ-нда жануарлар мен үй жануарлары COVID-19 деп аталатын вирусты жұқтырады деуге еш негіз жоқ.

Коронавирус қашан аяқталады?

Бұл сарапшылар үшін ауыр, әрі түсініксіз жағдай. Бақылауды күшейту -  эпидемияны тоқтатып, COVID-19 атаулы вирусты жояды деген болжамның ықтималдығы аз. Бұл дегеніміз - вирус адамдарда тұмау немесе ЖРВЖ тәрізді үнемі циркуляциялануы мүмкін.

Қазіргі таңда, вирустың тұмау тәрізді мезгілдік болатыны белгісіз. Бұл әлі пандемия емес, алайда COVID-19 хабарлануы мүмкін. Денсаулық сақтаудың әлемдік жетекші агенттігі ретінде ДДСҰ бұл белгіні беруші бірінші агенттік.

Пандемия дегеніміз - жаңа аурудың дүние жүзіне тарауы болып табылады. Ауру нақты бір географиялық бөлімде басталады (SN:25.02.2020). Егер ауру ошағы көбейіп, бірақ бір ауданда қалса, ол эпидемия болып саналады.

Эпидемия - екі немесе одан да көп аймаққа тараса, тұрақты адамнан адамға жұқса, ДДСҰ бұл ауруды пандемия деп хабарлау шешімін қабылдауы мүмкін. Агенттік шешімі, ауру ауырлығына қарай емес, оның тарауына назар аударады.

24 ақпанда өткен пресс-конференцияда ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебреесус:

- Бұл вирус пандемиялық потенциалға ие ме?

- Абсолютті!

- Қазіргі таңда біз сондамыз ба?

- Біздің бағалауымыз бойынша, әлі жоқ, - деп жауап берді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы - Гүлшат Қапалқызы Атанбаева мен оқытушы - Мадина Молсадыққызы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін