Коронавирус: Қазақстанның 6 өңірінде бір күнде 12 адам жансақтау бөлімінен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Қазақстанның 6 өңірінде бір күнде 12 адам жансақтау бөлімінен шықты

Коронавирус: Қазақстанның 6 өңірінде бір күнде 12 адам жансақтау бөлімінен шықты

Осымен, елімізде барлығы 181 адам реанимациядан бейінді бөлімге шыққан.

  • 2 Маусым 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлап отыр. Дәрігерлер 1 маусымда 12 адамды палатаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

«Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 12 науқас реанимациядан тұрақты палатаға шықты. Атап айтсақ:

Шымкент қаласында ‒ 4 адам,


Жамбыл облысында ‒ 3 адам,
Түркістан облысында ‒ 1 адам,
Қызылорда облысында ‒ 1 адам,
Қарағанды облысында ‒ 1 адам,
Маңғыстау облысында ‒ 2 адам», — деп хабарлады комиссия.