Жарияланды: 7900

Коронавирус тарайтынын ең бірінші болжаған Кенжебек Әбішев қайтыс болды

Коронавирус тарайтынын ең бірінші болжаған Кенжебек Әбішев қайтыс болды

Қоғамда саяси белсенді ретінде танылған марқұм Кенжебек Әбішев түрмеден былтыр қазан айында ғана босап шыққан еді.

Ал бүгін 56 жасында кенеттен қайтыс болды.

Бұл туралы желіде Габиден Жакей жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қаралы хабар!

Ақын ағамыз бүгін таңғысын 56 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Отбасына , туыстарына, жеңгеміз Гулмираға, балаларына көңіл айтамыз.

Жаныңыз жаннаттан болсын.

Қантар айындағы болған қанды оқиға, жүрегіне қатты батты, екі күн ұйықтай алмадым деп еді.

Жазықсыз қаза болғандарды ойлап,өзі кетті артынан Алла панасына алсын !

Мақсаты,арманы көп еді.

Ақталамын деген үміті бар еді, жете алмады ғой . Бақұл бол - батыр аға!",- деп жазды ол.

Еске салсақ, Кенжебек Әбішев бірнеше жыл бұрын сот залында әлемге коронавирус індетінің жайылатынын бірінші болып божаған болатын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін