Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті

Коронавирус Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына жетті

Коронавирус Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа өңірлерге таралып жатыр. Енді COVID-19 үш мегаполис пен 5 облыста бар

  • 25 Наурыз 2020
  • 117
Фото - Caravan.kz

 Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы табылды.

Осылайша індетті жұқтырғандардың саны 72 адамға жетті

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді", — делінген хабарламада.


16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды.

Коронавирусқа байланысты 19 наурыздан бастап Қазақстанның екі қаласында – Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізілді. Қалаға кіріп-шығу қашан қалпына келтірілетіні белгісіз

 

Соңғы жаңалықтар