Коронавирусқа байланысты шектеу 12 мамырға дейін созылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусқа байланысты шектеу 12 мамырға дейін созылуы мүмкін

Коронавирусқа байланысты шектеу 12 мамырға дейін созылуы мүмкін

Коронавирусқа байланысты шектеу 12 мамырға дейін созылуы мүмкін.

  • 28 Сәуiр 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде коронавирустың таралуы себебімен енгізілген шектеу режимін ұзартуға қатысты ұсыныстар әділетті. «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попова осылай мәлімдеді.

«Мен бұны әділетті ұсыныс деп санаймын, біз ғалымдармен сөйлестік, олар да осы пікірде», — деді Попова телеарнаға берген сұхбатында.

Ол ресейліктердің қазіргі кезде екі инкубациялық кезең, шамамен 28-30 күн «қарым-қатынасты үзу режимінде» жүргенін түсіндірді. Алайда індетке шалдыққан адамдар санының айтарлықтай азайып, бақыланып отырған нәтижені бекіту үшін тағы бір инкубациялық кезең қажет болып отыр.

Попова Ресейде вирус жұқтыру оқиғаларының өсімі байқалмай отырғанын атап өтті.


«Төмендеу – бұл күн сайын тіркеліп отырған оқиғалар санының келесі күнге қарағанда азаюы. Әзірге жұқтырушылардың динамикалық бірқалыпты қисық сызығы қалыптасқан, оны төмендету үшін бізге тағы уақыт қажет болып тұр», — деп атап өтті ол.

 

Соңғы жаңалықтар