Коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді

Коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді

Италия билігі елде карантин жариялады. Елде коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай туралы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.

  • 10 Наурыз 2020
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Енді Италия тұрғындарына үйден қажет жағдайда ғана шығуға кеңес беріліп, іс-шараларға тыйым салынып, оқу орындары жабылды.

"Ең дұрысы — үйде отыру. Италияның болашағы — біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", — деп мәлімдеді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. 

Италияда коронавирусқа байланысты музей, кітапхана, бассейндер мен барлар жабылған. 10 наурыздан қабылданған шектеулер 3 сәуірге дейін жалғасады. 


Айта кетейік, соңғы тәулікте Италияда коронавирустың жаңа түрінен 97 адам қайтыс болған, олардың жалпы саны — 463. Италия вирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында — 9 мыңнан аса адам. Ал қайтыс болған адамдар саны бойынша бірінші орында. 

Соңғы жаңалықтар