Жарияланды: 440

Коронавирустан 20 мың адам өлді: АҚШ-та тарихта алғаш рет "ірі апат" жарияланды

Коронавирустан 20 мың адам өлді: АҚШ-та тарихта алғаш рет "ірі апат" жарияланды

 10 мыңы соңғы бес күнде қайтыс болған.

Бұл жайлы Caravan.kz порталы tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің барлық 50 штатында "ірі апат" режимін жариялады, - деп хабарлайды Foxnews телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, АҚШ тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та шамамен 520 мыңнан аса науқас тіркеліп, шамамен 20 мың адам қайтыс болған. Осы 20 мың адамның 10 мыңы соңғы бес күнде қайтыс болған екен.

Дереккөз мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі - Нью-Йорк штатының тұрғындары. Онда 6 397 адам вирус жұқтырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін