Коронавирустан айыққандар вирусты қайта жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустан айыққандар вирусты қайта жұқтырды

Коронавирустан айыққандар вирусты қайта жұқтырды

Қытайдың Ухан қаласында COVID-19 вирусынан айыққандар қайтадан коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетінің құжатында айтылады.

  • 26 Ақпан 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

 

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

The South China Morning Post мәліметінше, Уханда қала билігі коронавирустан айыққандардың барлығын қосымша 14 күндік карантинге жіберіп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавируспен ауырып, бірақ кейін жазылып, ауруханадан шыққандар басқа да адамдарды жұқтыруы мүмкін.

Ал қытайлық ғалымдар коронавирустың дерттің ешқандай белгілері жоқ адамнан да жұғуы мүмкін екенін айтады. Олардың айтуынша, бұл вирустың алдын алуға қиындық туғызады.

Journal of the American Medical Association басылымында жарияланған зерттеуде Уханның 20 жастағы тұрғынының Аньян қаласындағы бес туысын жұқтырғаны, бірақ өзінде вирустың ешқандай белгілері болмағанын айтады.

20 жастағы қыз Уханнан Аньянға 10 қаңтарда барғанн 23-26 қаңтар аралығында отбасының бес мүшесі — 4 әйел адам мен бір ер адамда (42-57 жас аралығындағы) коронавирустың белгілері байқалған. Біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған, тағы екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Ал Уханнан келген қыздың дене қызуы да жоғарыламаған, еш жері ауырмаған. Компьютерлік томография да ештеңе анықтамаған. Кейін COVID-19 вирусы отбасының барлық алты мүшесінен анықталған. Уханнан келген қыздан да анықталған.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады — бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді — COVID-19.

Соңғы жаңалықтар