Көшкін түсу қаупіне байланысты Алматы облысының таулы аудандарына баруға шектеу қойылды - Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы
Наурыздың 26 мен 29-ы аралығында көшкін түсу қаупіне байланысты Алматы облысының таулы аудандарына баруға шектеу қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады. |
Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма ақпаратына сәйкес, мұндай шара таулы аудандарда нөсер жауатындығы және көшкін түсу мүмкіндігі туралы "Қазгидромет" РМК-ның ескертуіне орай қабылданып отыр.
Басқармадан хабарлағанындай, қауіпті аудандарға баруға шектеу қою үшін қосымша бекеттер ашылмақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін